by Institut Institut

Стэнфорд университетінің ғалымдары жыл сайын барлық мамандықтар бойынша цитаталар саны жоғары, яғни әлемдік ғалымдардың топ-2% құрайтын әлемдегі ең цитаталанған ғалымдардың дерекқорын жариялайды. Биылғы жылы дерекқорға Қазақстаннан 22 ғалым түсті, оның 17-сі Назарбаев университетінен, 3 — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан, 1 — Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нен. Бұл тізімде сондай-ақ “Полимерлік материалдар және технологиялар институтының” 2 ғалымы бар: проф. Құдайбергенов С. Е. және проф. Хуторянский В. В. Институт ұжымы оларды осы жоғары жетістікпен құттықтайды! Дерекқормен толықтай, сондай-ақ ғалымдарды саралау әдіснамасымен сілтеме бойынша танысуға болады.