2024 жылдың сәуір-мамыр айларында Институттың жас қызметкерлері – Тулеева Рысгүл мен Гизатуллина Наргиза доцент Асеев Владимир Олеговичтің жетекшілігімен Хельсинки университетінің коллоидтық және полимерлер химиясы зертханасында екі айлық тағылымдамадан өтті. Жұмыстың мақсаты табиғи полисахаридтерді – геллан мен хитозанды түрлендіру арқылы полиамфолиттер алу, олардың көмегімен алтын нанобөлшектерін тұрақтандыру және одан әрі ісік ауруларына қарсы плазмондық фототермия терапиясында қолдану. Геллан мен хитозанның модификацияланған өнімдері лазерлік жарықтың динамикалық шашырауы, протондық ЯМР спектроскопиясы және трансмиссиялық электронды микроскопия көмегімен зерттелді.
Ширек ғасыр асулары
“Армансыз адам, қанатсыз құспен тең” дегендей осыдан ширек ғасыр бұрын алға нақты мақсаттар қойылып, сол уақыттағы ғылым саласындағы дағдарыстарға қарамай, ең бірінші болып елімізде 1999 жылдың 14 қаңтарында жеке меншік «Полимер материалдары және технологиялары институты» құрылды. Институттың негізін қалаушы химия ғылымдарының докторы, профессор, 1987 жылғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сарқыт Елекенұлы Құдайбергенов. Полимер материалдары және технологиялары институты катализ, медицина, биотехнология, нанотехнология, мұнай саласы және қоршаған ортаны қорғауға арналған полимерлерді синтездеумен қоса оларды алдыңғы қатардағы технологияларда қолданумен айналысып келеді. «Ширек ғасыр асулары» жинағында С.Е. Құдайбергеновтың жетекшілігімен 25 жыл уақыт ішінде полимерлер ғылым саласына Институттың қосқан үлесі, атқарған қызметі және жеткен жетістіктері баяндалған. Сонымен қатар Институт ұжымының ширек ғасыр ішінде орындаған ғылыми жобалары, қорғаған диссертациялық жұмыстары және әлемдік деңгейдегі ғылыми басылымдары осы кітапшада толық қамтылып берілді. (Мәліметтерді тіркелген PDF файлдан қараңыз)
Достар, әріптестер, қызметкерлер және оқушылар
Институттың негізін салушылар
Институттың жас ғалымдарымен бірге
Хельсинки университетіне сапар (01.07.2024 – 31.08.2024)
Полимер материалдары және технологиялары институтуының қызметкерлері NANOPOL жобасының (Еуропа Одағының «Көкжиек 2020» бағдарламасы) аясында Хельсинки университетіне іс-сапарымен барды. Қазақстандық ғалымдар ғылыми ынтымақтастықты жалғастырып келе жатқан Құрметті профессор Хейки Тенхумен кездесті. Фин-қазақ профессорларының ұзақ жылғы достығы 1986 жылы басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Профессор Х.Тенху көптеген басылымдардың бірлескен авторы болып табылады және полимертану ғылымының әртүрлі аспектілеріне арналған қазақстандық конференциялар мен симпозиумдарға, сондай-ақ жоғары білікті қазақстандық ғылыми кадрларды – философия докторларын дайындауға белсенді қатысады. Профессор Х.Тенхуға мықты денсаулық, полимер ғылымының дамуы жолында ұзақ ғұмыр тілейміз.
Сенат алаңында
Профессорлар Хейкки Тенху мен Сарқыт Құдайбергенов
Құттықтаулар!
ПМТИ ұжымы Нұрбатыр Мұхаметғазы мен Әйгерім Аязбаеваны «6D073900 – Мұнай химиясы» және «7D07108 – Жаңа органикалық және полимерлі материалдарды синтездеу алудың негізгі процестері» мамандықтары бойынша философия докторы атағын алуларымен құттықтайды.
Хабарландыру
«Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағын ізденуші – Татыханова Гүлнұр Сайранқызы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығымен бекітілген ғылыми атақтарды(қауымдастырылған профессор(доцент), профессор)) беру қағидаларына сәйкес, Жеке меншік «Полимер материалдары және технологиялар институтының» Ғылыми-
техникалық кеңесі 10300 – «Химия» мамандығы бойынша «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағын алу үшін х.ғ.к., аға ғылыми қызметкер Татыханова Гүлнұр Сайранқызының анықтамасын және ғылыми еңбектерінің тізімін орналастырады.
Ғылыми еңбектер тізімі Татыханова Г.С. (pdf)
Анықтама Татыханова Г.С. (pdf)
Ғылыми еңбектер тізімі Татыханова Г.С. (docx)
Анықтама Татыханова Г.С. (docx)