by Institut Institut

Полимер материалдары және технологиялары институтуының қызметкерлері NANOPOL жобасының (Еуропа Одағының «Көкжиек 2020» бағдарламасы) аясында Хельсинки университетіне іс-сапарымен барды. Қазақстандық ғалымдар ғылыми ынтымақтастықты жалғастырып келе жатқан Құрметті профессор Хейки Тенхумен кездесті. Фин-қазақ профессорларының ұзақ жылғы достығы 1986 жылы басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Профессор Х.Тенху көптеген басылымдардың бірлескен авторы болып табылады және полимертану ғылымының әртүрлі аспектілеріне арналған қазақстандық конференциялар мен симпозиумдарға, сондай-ақ жоғары білікті қазақстандық ғылыми кадрларды – философия докторларын дайындауға белсенді қатысады. Профессор Х.Тенхуға мықты денсаулық, полимер ғылымының дамуы жолында ұзақ ғұмыр тілейміз.

 

Сенат алаңында

Профессорлар Хейкки Тенху мен Сарқыт Құдайбергенов