by Institut Institut

Хабарландыру

«Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағын ізденуші – Татыханова Гүлнұр Сайранқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығымен бекітілген ғылыми атақтарды(қауымдастырылған профессор(доцент), профессор)) беру қағидаларына сәйкес, Жеке меншік «Полимер материалдары және технологиялар институтының» Ғылыми-
техникалық кеңесі 10300 – «Химия» мамандығы бойынша «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағын алу үшін х.ғ.к., аға ғылыми қызметкер Татыханова Гүлнұр Сайранқызының анықтамасын және ғылыми еңбектерінің тізімін орналастырады.

 

Ғылыми еңбектер тізімі Татыханова Г.С. (pdf)

Анықтама Татыханова Г.С. (pdf)

Ғылыми еңбектер тізімі Татыханова Г.С. (docx)

Анықтама Татыханова Г.С. (docx)

 

by Institut Institut

ПМТИ қызметкерлері әлемдегі ең танымал ғалымдар тізімінде

Стэнфорд университетінің ғалымдары жыл сайын барлық мамандықтар бойынша цитаталар саны жоғары, яғни әлемдік ғалымдардың топ-2% құрайтын әлемдегі ең цитаталанған ғалымдардың дерекқорын жариялайды. Биылғы жылы дерекқорға Қазақстаннан 22 ғалым түсті, оның 17-сі Назарбаев университетінен, 3 — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан, 1 — Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нен. Бұл тізімде сондай-ақ “Полимерлік материалдар және технологиялар институтының” 2 ғалымы бар: проф. Құдайбергенов С. Е. және проф. Хуторянский В. В. Институт ұжымы оларды осы жоғары жетістікпен құттықтайды! Дерекқормен толықтай, сондай-ақ ғалымдарды саралау әдіснамасымен сілтеме бойынша танысуға болады.

 

 

by Institut Institut

Профессор С.Е. Құдайбергеновті мерейтойымен құттықтау

Профессор С.Е. Құдайбергеновтің 70 жылдық мерейтойына орай “ҚарМУ Хабаршысы” журналында Академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессорлары М. Ж. Бүркеев пен Е. М. Тәжбаевтың құттықтау мақаласы жарияланды.

Ағылшын тіліндегі мақаланы сілтемеден өтіп оқуға болады.

by Institut Institut

“Polymers for Advanced Technologies” журналының арнайы шығарылымы

Профессор Сарқыт Елекенұлы Құдайбергеновтің 70 жылдық мерейтойына “Polymers for Advanced Technologies” журналының арнайы шығарылымы арналды.

Журналдың қонақтық редакторы Сарқыт Елекенұлының талантты оқушысы профессор В. В. Хуторянский (Рединг университеті, Англия) болып табылады.

Басылымда Хуторянский В.В. профессорының мерейтой иесіне арналған шолу мақаласы және оның студенттерінің, достары мен әріптестерінің шолу және түпнұсқа мақалалары бар.

 

by Institut Institut

Профессор С. Е. Құдайбергеновті 70 жылдық мерейтойымен құттықтау

Профессор Сарқыт Елекенұлы Құдайбергеновті 70 жылдық мерейтойымен Өзбекістан Руспубликасының ҒА-ның «Полимерлер химиясы және физикасы институтының» ұжымынан және академик С.Ш. Рашидовадан құттықтау.